Жүйеге кіру үшін тіркеліңіз

 

Қашықтықта оқыту

 
 

"Биотехнология" кафедрасы

"Биотехнология" кафедрасы

Кафедраның құрылу тарихы

«Биотехнология» кафедрасы С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры – э.ғ.д., профессор Е.М.Арынның ұсынысы бойынша 2009 жылы шілдеде құрылды және Агротехнологиялық факультет құрамына кірді.

Биотехнология кафедрасы 050701 «Биотехнология» және 050727 «Азық – түлік тағамдары технологиясы» мамандары бойынша бакалаврларды дайындау жүргізуде, сонымен қатар кафедра құрамында «Азық – түлік тағамдары технологиясы» мамандығы бойынша магистратура жұмыс істейді.  


Кафедра басшылығы

Кафедра меңгерушісі – доцент Адамжанова Ж. А.

1983 жылдан 1988 жылға дейін Павлодар педагогикалық институтында оқыды. Институтты бітірген соң мектепте биология пәнінің мұғалімі болып қызмет істеді. 1990 – 2000 жылы ҚР БжҒМ ботаника және фитоиндродукция институтында споралы өсімдіктер лабораториясында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.   2000 жылы кандидаттық диссертация қорғады. 2000 ж. – Қазақстан микрофлорасы бойынша электрондық катастр құрауда британдық ботаник – ғалымдармен (Лондон) жобаға қатысты. 2001 ж. – Солтүстік – Жапония (Yukiguni Maitake) ғалымдарымен бірлесіп Майтөке саңырауқұлақтарының биологиялық қасиеттерін оқып білу бойынша ғылыми – зерттеу жобасына қатысты. 2001 ж. – саңырауқұлақтың тағамдық қасиетін француз ғалымдарымен бірлесіп зерттеді. 2006 ж. –  Мәскеу қаласында Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің  альгалогия және микология кафедрасында докторлық диссертация тақырыбы бойынша сынақ ісінен (стажировка) өтті.  2007 жылы докторлық диссертацияны қорғауға ұсынумен күндізгі докторантураны бітірді.  Қазіргі кезде өсімдіктер физиологиясы, микология, фитопотология, орманшылықтағы биотехнология пәндері бойынша дәрістер оқиды, зертханалық және тәжірибелік сабақтар жүргізеді. Ғылыми жұмыстың негізгі бағыттары Павлодар Ертіс өңірінің микрофлорасын зерттеумен байланысты. Ғылыми – зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша 35 – тен астам ғылыми еңбектері жарияланған.   


Кафедраның орналасқан мекен-жайы: Павлодар қаласы, Ломов көшесі 64 үй. Биотехнология кафедрасы. А1 ғимарат, 112-кабинет.

Телефон: 8(7182) 67-36-41, ішкі байланыс нөмірі 1295.




Мамандықтар және мамандандырулар туралы


Профессор-оқытушылар құрамы


 
 

Құттықтаулар

 

Портал бойынша іздеу

 

Жаңалықтар, хабарландырулар

 

Іс-шаралар күнтізбесі

  2010
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
 






TITGroup