Агротехнологиялық факультет
Факультет құрылу тарихы
С. М. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Агротехнологиялық факультеті 10 шілде 2009 жылы ректордың бұйрығымен ұйымдастырылды. Факультетте 3 ғылым докторы, 13 ғылым кандидаты, 6 магистр қызмет істейді. 25 жоғары дәрежелі оқытушылар мен иелерінің 64% ғылыми дәреже мен атаққа ие.
Студенттер 050801 «Агрономия», 050802 «Зоотехния», 050807 «Орманшаруашылық ісі», 050701«Биотехнология», 050727 «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандықтар бойынша күндізгі және сырттай оқу бөлімінде оқиды.
Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен өңдеу саласында қажетті мамандар дайындайды.
Факультетте 6N0727 - «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша магистратура бар.
Факультет әзірше
кафедраларынан тұрады.
Кафедра басшылығы

Агортехнологиялық факультеттің деканы ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор Бексеитов Тоқтар Кәрібайұлы.
Бексеитов Тоқтар Кәрібайұлы 1988 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. 1993 жылдан 2009 жылға дейін С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Генетика және биотехнология» кафедрасының меңгерушісі болды. 2004 жылы докторлық диссертациясын қорғады, ал 2007 жыл профессор атағына ие болды. 2009 жылдың шілде айынан бастап декандық қызметке тағайындалды.
Бексеитов Т.К. 120-дан аса оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары бар. 2008 жылы профессор Т.Қ.Бексеитовтың жетекшілігімен екі ізденуші кандидаттық диссертацияларын қорғады.
Ғылыми ізденістерінің негізгі бағыты малдардың генетикасы мен селекциясы.

Уахитов Жастлек Жумабайұлы 1994 жылы «Зооинженер» мамандығы бойынша Семей зооветеринарлық институтын бітірді. 2005 жылдан бастап С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде биология-химия факультеті «Генетика және биотехнология» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарды. 2008 жылы «Жеке зоотехния, малшаруашылық өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 2009 жылы ауылшаруашылық кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды. Қазір Уахитов Ж.Ж. «Агротехнология» кафедрасының аға оқытушысы және «Құс өсіру» мен «Малшаруашылық өнімдерін өндіру технологиясы» арнайы пәндері боынша дәріс өткізеді. Факультетте жалпы сұрақтар боынша декан орынбасары қызметін атқарады.

Жагипарова Майра Ерқалиқызы 2000 жылы «Биология» мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік университетін бітірген. 2000 – 2002 жылдары «Паразитология» мамандығы бойынша магистратурада оқып, 2002 жылы «Микроморфология, гистология және Azygia lucii және Pleurogеnеs intermеdius трематодының тері бұлшық ет қабының биохимиясы» деген тақырыпта магистрлік диссертациясын қорғады. 2002 жылдан осы уақытқа дейін С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Генетика және биотехнология» кафедрасында аға оқытушы болып, 2009 жылдың 1 қыркүйегінен бастап оқу жұмысы бойынша деканның орынбасары қызметін атқарады.
Факультеттің орналасқан мекен-жайы: Павлодар қаласы, Ломов көшесі 64 үй, А1 ғимарат, 213 кабинет.
Телефон: 8(7182) 67-36-41, ішкі байланыс нөмірі 1191.
2009-2010 оқу жылына арналған агротехнологиялық факультеттің жұмыс жоспары
Ғылыми-зерттеу жұмысы
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары
Оқу және зертханалық базасы
Үздік түлектер