Жүйеге кіру үшін тіркеліңіз

 

Қашықтықта оқыту

 
 

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (ПМУ) – тек қана Павлодар аумағында емес, сонымен қатар Республикада, ғылым мен мәдениеттің білім орталығы, Қазақстанның үлкен университеттерінің бірі болып табылады. Бұл үлкен ғылыми орталық, мұнда ғылыми-зерттеулік жұмыс 8 факультет және 11 ғылыми-практикалық орталықтарда, консалтингтік орталық және студенттік конструкторлық бюро базасы арқылы жүргізіледі.

Университет жоғары мамандандырылған интеллектуалды ғылыми-педагогикалық салмаққа ие. Жоғары оқу орында 63-тен артық мамандық бойынша 10000 жуық студент оқиды. Дайындықты 530 оқытушы, олардың ішінде 20 профессор, 40 ғылым докторы және 177 ғылым кандидаттары, 104 доцент жүзеге асырады.

Қазақстан аумақтарының индустриалды дамуының негізгі алғышарттарының бірі білім, ғылым және өндіріс интеграциясы болуы керек, жаңа ғылыми ойларды әр түрлі өндіріс салаларына және қоғамды басқаруда технологиялар мен өнімнің түрлерін өңдеу және енгізудің нәтижелері экономикалық өсу мен бәсәкелестікте қолданылады.

Қазақстан Республикасының Президент Жарлығымен 2003 жылдың 17 мамыр күні №1096 бекітілген 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық дамудың Стратегиясын орындау мақсатында Қазақстан аумақтары мен облыстардың индустриалды-инновациялық даму бағдарламалары қалыптастырылған және бекітілген.

Мемлекеттік инновациялық саясат халықтың өмір сүру деңгейін, мемлекеттің қауіпсіздігі мен экономикалық дамуын, отандық өнімнің бәсекелестігін жоғарлату үшін ғылыми инновациялық белгілері бойынша қалыптасады және жүзеге асырылады.

2002 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі «Инновациялық іс-әрекет туралы» Заңды жүзеге асыру шаралары туралы шешім қабылдады, мұнда техникалық басқару, инновацияларды енгізу, сонымен қатар нақты ортаны құру, әлеуметтік-экономикалық және мемлекет өндіріс саясаттың қалыптасуын жүзеге асырылуы үшін эффективті шарттарды құрудың басты факторлардың бірі делінеді.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жүргізілетін ғылыми - зерттеу жұмыстың негізгі бағыттары: энергетика және энергоүнемдеуші технологиялар, құрылыс, машинажасау, педагогика психология облысындағы зерттеулер, экологиялық мониторинг, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, аймақтың экономикалық мәселелері, кадр дайындау мен жоғары мектептің социолингвистикалық және лингвомәдениеттік мәселерін зерттеу.

ЖОО-ның орналасқан мекен-жайы

ПМУ-ға қалай баруға болады

Университеттің электрондық телефон анықтамасы

С. Торайғыров атындағы ПМУ реквизиттері

  • Павлодар қ., Ломов к-сі, 64 үй, 140008
  • Тел. (3182) 67-36-76, факс (3182) 67-37-01

 

 
 

Құттықтаулар

 

Портал бойынша іздеу

 

Жаңалықтар, хабарландырулар

 

Іс-шаралар күнтізбесі

  2010
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
 






TITGroup