"Есеп және аудит" кафедрасы
КАФЕДРАНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
Кафедра 1995 жылы ұйыдастырылған «Есеп және аудит» кафедрасының құқық негіздеушісі болып табылады. Құрылғаннан кейін 4 жыл ішінде кафедраны ҚР аудиторлар палатасының мүшесі, э.ғ.к., профессор И.Т. Шукумов басқарды.

2001 жылдан бастап кафедраны экономика ғылымдарының кандидаты Шамрай Инна Николаевна басқарады.
Қазіргі уақытта кафедрада 15 оқытушы, үшеуі экономика ғылымдарының кандидаты, екі экономика магистрі, бір маркетинг магистрі, кафедраның үш мүшесі экономика ғылымдар кандидатының ғылыми-дәрежесіне ие болуға ниетті және Қазақстан мен Ресейдің экономика ғылымдарының докторлары жетекшілігімен экономиканың түрлі салаларында ғылыми зерттеулермен айналысады.
Кафедра С.Торайғыров атындағы ПМУ-ң Қаржы-экономикалық факултетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
КАФЕДРА БАСШЫЛЫҒЫ
Шамрай Инна Николаевна
«Есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., доцент
1974 жылдың 18 қарашасында дүниеге келді.
1991-1996 жылдары Павлодар Мемлекеттік университетін 0702 «Экономика және өндірістегі басқару» мамандығы бойынша бітірді. Үздік дипломға ие болды және «инженер – экономист» біліктілігі тағайындалды.
1996-1998 жылдары Павлодар Мемлекеттік университетінің сырттай оқу нысанындағы 08.00.05 – «Экономика және ұлттық шаруашылықты басқару» мамандығы бойынша аспирантурада оқыды.
Өзінің оқытушылық әрекетін 1996 жылдан бастап «Есеп және қаржы» кафедрасында іске асырды.
Экономика ғылымдарының кандидаты, 2001 жылдың қазанында 08.00.05 «Экономика және ұлттық шаруашылықты басқару» мамандығы бойынша «Ішкі аудит қызметін ұйымдастыру жолымен кәсіпорынды басқару жүйесін жақсарту (Павлодар облысының ірі өндірістік кәсіпорындары мысалында)» тақырыбындағы диссертацияны қорғады.
2001 жылдың шілдесінен 2008 жылдың шілдесіне дейін «Есеп және қаржы» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Бұл кафедра 2008 жылдың шілдесінде «Есеп және аудит» кафедрасына ауыстырылған.
Қазіргі кезде 56 басылымы бар. Павлодар облысы кәсіпорындарының тәжірибелік жұмысына ғылыми нәтижелерді ендірудің 4 актісі, оқыту үрдісіне ендірудің 3 актісі бар. Сәйкес мамандықтар үшін «ҚР қаржылық жүйесі дамуының көкейкесті мәселелері» арнайы курстары құрылған. Оған қоса, есеп, аудит, банкілік іс бойынша 18 сертификаты, оған қоса 3 ұлтаралық үлгідегі сертификаты бар. Басқарма есебі курсы бойынша (CPA) сертификацияланған 2-ші дәрежелі бухгалтерлерді даярлау бағдарламасы бойынша жаттықтырушы болып табылады.
ГЕТЕ-институтының Павлодар қаласындағы филиалында (3В деңгей) неміс тілін оқыды. Кәсіптік неміс тілін және әңгімелік ағылшын тілін меңгерді.
050509 «Қаржылар», 050508 «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша студенттерге келесі пәндерден сабақ өткізеді: «Аудит», «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Банкілердегі есеп», «ҚР бухгалтерлік есеп пен аудитіне енгізілген өзгерістердің көкейкесті мәселелері» арнайы курстары.
«Аудит-1», «Ақша, несие, банкілер», «Қаржылар» пәндері бойынша Қазақстанның үздік ғалымдарымен бекітілген оқу-әдістемелік құралдарды жасады.
Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары ішкі аудит, қаржылық есеп беру және аудиттің ұлтаралық стандарттардың аймағында қарастырылады.
Кафедраның орналасқан мекен-жайы
Павлодар қ, Ломов көш 64, С. Торағыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің "Есеп және аудит" кафедрасы
тел: 8(7182) 673643 (ішкі 141)
Мамандықтар және мамандандырулар туралы
Профессор-оқытушылар құрамы
Үздік түлектер