"Көлік құрылысы және профессионалдық оқыту" кафедрасы
Кафедрасының құрылу тарихы
1992 жылы 4303- «Қалалық құрылыс және шаруашылық» атты жаңа мамандықтың ашылуына байланысты «Қалалық құрылыс және шаруашылық» кафедрасы құрылды.
Алғашқы кафедра меңгерушісі - т.ғ.к., доцент Данилов Василий Иванович.
1996 жылы кафедраны ұлғайту мақсатында «Қалалық құрылыс және шаруашылық кафедрасы мен «Сәулет, геодезия және грунт механикасы» кафедрасы біріктіріліп, «Қалалық құрылыс және сәулет» кафедрасы болып аталды. Алғашқы мамандар (19 адам) 1997 жылы 4303- «Қалалық құрылыс және шаруашылық» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Бұлардың арасынан екеуі: И. Ленинг пен В.Главацкий қызыл дипломға бітірді. 1997 жылдан бастап «Қалалық құрылыс және шаруашылық» мамандығы бойынша мемлекеттік тілде оқитын студенттер де оқуға қабылдана бастады. Бітірушілер арасынан: В.П.Пантина, С.Ю.Крупенков, Е.Берестовский, Н.М.Мирошниченко, О.Ковалевалардың дирломдық жобалары бірнеше рет халықаралық конкурстарда жүлделі орындарға ие болды.
1996 жылға дейін «Қалалық құрылыс және шаруашылық» кафедрасы жанында «Өндіріс қалдықтарын комплексті пайдалану» атты шаруашылық есепті ғылыми-зерттеушілік лабораториясы жұмыс істеді. Мұнда өндіріс қалдықтарын жаңа технологиялар негізінде құрылыс материалдарын өндіруде пайдалану мәселесімен айналысты.
2002 жылы жаңадан 440240 - «Автомобиль жолдары және аэродромдар салу», 430640-«Сумен жабдықтау, су бұрғысы және су ресурстарын қорғау», 551630- «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандықтары ашылған және 430440 - «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкциясын өндіру» мамандығы қайтадан ашылды. 2003 жылдан бастап кафедра «Инженерлік жүйелер және геотехникалық құрылымдар» деген атпен жұмыс істеп келеді.
Бүгінгі күнге дейін кафедрада ардагер-профессорлар: В.И.Данилов, П.В.Корниенко; доценттер: М.Э.Данилова, В.Г.Никифоров; аға оқытушылар. Л.А.Варламов, Н.В.Гореловтар жұмыс істейді.
Ұзақ уақыт бойы кафедрада ҚР Еңбегі сіңген архитектор Г.В.Гальченко, т.ғ.к., доцент И.Ж.Жұмағұлов, ҚР Еңбегі сіңген құрылысшы Г.В.Гальченколар жұмыс атқарды.
КАФЕДРА БАСШЫЛЫҒЫ
Кафедрасының меңгерушісі, к.т.ғ., профессор Саканов К. Т.
Кафедра мекен-жайы
Павлодар қаласы
Адм.городок көшесі,19
тел: 33-43-38 (804)
Мамандықтар және кәсіптер туралы
Профессор-оқытушылар құрамы
Ғылыми-зерттеу жұмыстары
Оқу-лабораториялық база