I Ғылыми және қоғамдық өмірдің әртүрлі мәселелері бойынша мәселе көтеру, мемлекеттік және муниципальдық билік органдарына, ғылыми және қоғамдық ұйымдарға ұсыныстар енгізу, университеттің ғылыми жастарына қатысты шешімдеріне қатысу.

1) университет факультеттерiнде ғылыми жастардың кәсiби өсуiне, жастардың ғылыми бастамаларын дамыту және жас ғылыми кадрларды бекітуге жәрдемдесу.

Iске асыру жолдары:

•    жас ғалымдардың белсендi өкiлдерiн марапаттау;

•    жас ғалымдардың ғылыми қызметі туралы мәлiметтерді жинау (сауалнамалар толтыру арқылы);

•    жас ғалымдардың құрамын талдау (деректер қорын құру);

•    кандидатураларды Кеңесте бекітуге және марапаттауға ұсыну;

•    іскерлiк ынтымақтастық, мәдени, бос уақыт, спорттың, сауықтыру шараларын, сервистік қызмет көрсету, көрме, жарыстар, жәрмеңке орталықтарын ұйымдастыру.

2) Жас ғалымдардың мәселелерін анықтау және оларды шешу мақсатында жас ғалымдар арасында әлеуметтік зерттеулер ұйымдастыру.

Iске асыру жолдары:

•    сауалнама құрастыру;

•    сауалнама таблицасы мен кестесін құрастыру;

•    жас ғалымдар арасында әлеуметтік сауалнама өткiзу;

•    әлеуметтік сауалнама нәтижелерін талдау;

•    қорытындылар;

•    шешiм қабылдау.

3) Жас ғалымдарды ғылыми-зерттеу қызметіне тарту.

Iске асыру жолдары:

•    Кеңесті келесі бағыттар бойынша секторларға «бөлу»: ұйымдастырушылық, ғылыми-зерттеушілік;

•    университетте жас ғалымдар жиналыстарын өткiзуге мұрындық болу;

•    көкейкестi ғылыми тақырыптарды әзірлеу және оларды Кеңесте қарау;

•    кездесулер, дөңгелек үстелдер өткiзу;

•    Кеңес отырыстарын өткiзу;

•    Кеңестiң кеңейтілген отырыстарын өткiзу.

4) Университеттiң жас ғалымдарының ғылыми конференцияларын ұйымдастыру және өткiзу;

Iске асыру жолдары:

•    Халықаралық конференцияларды өткiзу бағдарламаларын әзiрлеу;

•    Конференцияларды қолдау және мониторинг жүргізу.

5) Ғылыми мирасқорлықты қолдау, ғылыми мектептерді және бағыттарды сақтауға қатысу;

Iске асыру жолдары:

•    ғылым департаментiне жәрдемдесу;

•    ғылыми конференцияларды, мектептердi, ғылыми-тәжірибелік семинарларды, дөңгелек үстелдерді өткізуді ұйымдастыру және жәрдемдесу;

•    ғылыми бiлiмді насихаттауды ұйымдастыру.

II Ғылыми, студенттік және тағы басқа ұйымдармен қарым-қатынас.

1) Ғылыми, студенттік және тағы басқа ұйымдармен қарым-қатынас.
Iске асыру жолдары :

•    бiрлескен шараларды өткiзу;

•    ғылыми жұмыс бойынша консультациялар өткiзу.

III Мақсаттары мен міндеттері Кеңестің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін қоғамдық коммерциялық емес ұйымдарды құруға қатысу және іске асыру

1) ғылыми-зерттеушілік, инновациялық орталықтар құруға мүмкiндiк туғызу:

•    ғылыми зерттеулер, инновациялық орталықтарды ұйымдастыруға ықпал ету;

•    ғылыми мектептердi ұйымдастыруға ықпал ету;

•    қолданбалы ғылыми тақырыптарды әзірлеу.

2) Технопарк құру;

•    Iске асыру жолдары.

•    Өндiрiстермен байланыстарды іздестіру және қарым-қатынастарды жақсарту.

IV Халықаралық, республикалық, аймақаралық, аймақтық және тағы басқа жобалар мен бағдарламаларға қатысу.

1) Жас ғалымдарды ақпаратпен қамтамасыз ету: жас ғалымдарды қолдау бойынша бос орындар, қорлар, гранттар, конференциялар, мектептер және басқа шаралар туралы ақпараттарды ұсыну;

2) Грантты жобаларға және бағдарламаларға қатысу.

V Қолданыстағы заңға қарама-қайшы емес, жас ғалымдардың басқа қызметтегі қызығушылықтарын жүзеге асыру.

•    1) Инновациялық және енгiзуші ұйымдармен өзара әрекеттесу;

•    2) Жас ғалымдардың зерттеу нәтижелерін енгізуге және таратуға ықпал ету.

Iске асыру жолдары:

•    кеңестер өткiзу;

•    Интернетті қолдану;

•    Ғылыми жетекшiнi iздестiруге көмектесу.

VI Ақпаратты тарату және өзінің қызметі туралы жыл сайын есеп беру.

1) Бұқаралық ақпарат құралдарында Жас ғалымдар кеңесінің ғылыми қызметтері мен өткізген зерттеу іс-шаралары жайлы мәлімет беру.

Iске асырудың жолдары:

•    гранттар, бағдарламалар, қорлар туралы ақпаратты дер кезінде жинау;

•    Интернет, теледидар, радиохабар арқылы ақпаратты тарату;

•    Интернет, С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың ақпараттық бюллетень, жергілікті газеттер, теледидар, Жас ғалымдар кеңесінің стенді, радиохабар;

•    Жас ғалымдар кеңесі стендін құру;

•    С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың ақпараттық бюллетенін жасап шығару.