Жүйеге кіру үшін тіркеліңіз

 

Қашықтықта оқыту

 
 

Cәулет–құрылыс факультеті


Кафедраның құрылу тарихы

Қазақ ССР жоғарғы және орта арнайы білім министрлігінің 1960 жылғы 2 қарашада шыққан жарлығы бойынша ПИИ-де көптеген кафедралар ашылды, соның бірі « Құрылыс ісінің негізі» деген кафедра. Сол жылдың 1- желтоқсанынан бастап Павлодар индустриалды институты алғашқы оқу жылын бастады.

1961 жылы инженер- құрылыс факультеті құрылып, екі мамандық бойынша мамандар даярланды : «Өндірістік және азаматтық құрылыс», «Бетон және темірбетон өндірісі».

Ол кезде Павлодар облысында өндірістік комплекстер қарқынды даму үстінде болатын .Кваликациясы жоғары мамандар жетіспейтін, солардың бірі құрылыс инженерлері еді .

Факультеттің ашылуы және осы мамандықтың таңдалуы тегін болмайтын : Павлодар-Екібастұз территориялық- өндірістік комплексті салуға байланысты кадр мәселесі туындады .

ПИИ-ге алғаш қабылданған студенттер саны -401 адам болатын, соның 3 бөлігін құрылыс - инженер мамандығының студенттері құрады

Басында 3 факультеттің деканы болып П.А.Волгин тағайындалды. Институттың өсуімен факультеттер де өсті , Алғаш біріктірілген 8 жалпытехникалық және арнайы кафедралардың ішінде мамандар даярлап шығаратын кафедралар :

1. «Химия»,

2. «Теориялық механика»

3. «Заттардың қарсы қысым көрсетуі»

4. «Инженерлік геология мен геодезия»

5. «Құрылыстық конструкция»

6. «Металдық конструкция мен сәлет өнері (архитектура)

7. «Құрылыстық өнімдер мен конструкция өндірісі»

8. «Құрылыс өндірісінің техникасы»

Әскери авиациялық училищенің үш қабатты казармасын қайта жабдықтап, сол ғимаратқа факультет кафедралары орналасты. 1966 жылы энергетика және инженер- құрылыс факультетінің зертханалықлық корпусының іске қосылуына байланысты қосымша оқу орны бөлінді. Алғашқы жылдары кадрлармен қамтамасыз етілмеу, ауыспалы оқу жоспарларымен жұмыс істеу, мамандарды даярлауды кезеңге бөліп оқыту әдісімен жүргізу (2 жұма оқытып, 2 жұма өндіріске жіберу), барлық оқу пәндерінен зертханалардың аз болуы сияқты көп қиыншылықтарболды,соған қарамастан, аз ғана ұжым мүшелері оқу процесін ұйымдастыру мен жетілдіру жұмыстарын қарқынды жүргізді.

Табысқа жетудің негізгі факторлары ғылыми-педагогикалық кадрлардың квалификациясына; оқу процесін рационалды ұйымдастыруларына ; ғылыми зерттеу жұмыстарының деңгейінің жоғарылығына ; студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тартуына байланысты болды.

Даярлап жатқан мамандардың деңгейін көтеру мақсатында ғылыми-педагогикалық мамандардың рөлін көтеріп отыру қажет болды, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жетілдіру, студенттерді оқытуда алдыңғы қатарлы әдіс- тәсілдерді пайдалану, біліммен қамтамасыз етуде шығармашылық формаларды қолдану, қоғамдық-саяси істерге қызу араласу қамтамасыз етілді .

Оқу- методикалық жұмыстарды жетілдіру, барлық оқу процесін жандандыру жолдары : материалдарды игерту оқытудың негізгі формаларының сапасын жоғарлату арқылы жүзеге асты ;дәрістер, зертханалық-тәжірибешілік сабақтарды кең пайдалану нәтижесінде, инженерлік есептеу жұмыстарында жаңа техникалық құралдарды, , электронды- есептеу техникасын пайдалануды іске асыру арқылы ; жүйелі даярлықтың нәтижесінде, оқу- өндірістік тәжірибешілік жүргізу барысында ; студенттериен зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында дағды қалыптастыру арқылы жұмысты жетілдіру жүзеге асты, соның нәтижесінде курстық және дипломдық жобалармен жұмыс істеу мүмкіндігі пайда болды; хронометраж арқылы студенттердің бюджеттік уақытын бақылауға болатын болды, ғылымға негізделген график арқылы студнеттердің өздік жұмыстары ұйымдастырылды, ол біздің «Студенттердіңөэдік жұмыстарын ұйымдастыру мен жоспарлау» және «Өздік жұмыстың барлық түрлеріне жұмсалатын уақыт мөлшерін анықтайтын әдіс- тәсілдер» разработкаларымыз бойынша жүргізілді .

Студент санының өсуі мен оқу- материалдық базаның нығаюы, ұстаз кадрларының ғылыми деңгейінің жоғарлауы оқу- әдістемелік жағын ғана жетілдіріп қоймай, ғылыми- зерттеу жұмыстары мен тәрбие жұмыстарын да дамытты.

Алғашқы жылдары факультетте оқу-тәрбие комиссиясы жұмыс атқарды, оның құрамына студенттер мен оқытушылар енді. Комиссияның негізгі мақсаты топтардағы,жатаханалардағы, өндірістегі тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әрі бақылау. Сол кездерден бастап институтта кураторлар қалыптасты . Студенттерді саяси жағынан сауаттандыру тәрбие жұмысының негізгі бағыты болды.

Осыған байланысты студенттік өмірдің ерекше бір тарихи бетін ашуға болады, ЖОО-ндағы оқу-тәрбие жұмысының қол жеткізген нәтижесі студент отрядтарының құрылуы болды, бұл инженер- құрылысшыларға іс жүзінде мамандықты игеруге және дағды қалыптастыруға кең жол ашты, мүмкіндік туғызды. Студент отряды деген , ол студентті еңбекпен шынықтырып, тәрбиелеу мүмкіндігі . Құрылыс отрядтары – бұл уақыт қажеттілігінен туған үлкен де тұтас қозғалыс . СҚО(ССО)-жастарды тәрбиелеу құралы, студенттерді қажетті қоғамдық жұмыстарға жұмылдырудың активті формасы . Құрылыс отрядтары өздерінің қажырлы еңбектері мен темірдей тәртіп және жұмысты ұйымдастыра алу қабілеттерінің арқасында ауыл еңбеккерлерінің құрметі мен ризашылығына бөленді .Сондықтан біздің факультеттің әр студенті құрылыс отрядтарының қатарында болғысы келді. Шептік студенттердің құрылыс отрядтарын (ЛССО) жасақтау үшін , алдын-ала ұйымдастыру жұмыстары жүрді , олар облыс аудандарына орналасты : Железинка, Қашыр, Май, отрядтар саны онға тарта болды. Отрядтарды құру және әзірлік жұмыстарын жүргізу жылда сәуір айынан бастап шілде айына дейін жүрді. Жақсы студенттер қатарынан агитбригадалар жасақталды, Олар ұйымдастыру қабілеті жоғары студенттер қатарынан командирлер, мастерлер мен отряд командирлері таңдалып алынды.Қарапайым құрылыс отрядының мүшесінен облыстық СҚО (ССО) басқарушысы деңгейіне дейін көтеріле алғандар : А.Шамаев, Б.Әділхановтар.

1991 жылы Шығыс Қазақстанда болған жер сілкінісінің зардаптарын жоюға СҚО-ның 2отрядын ИСФ-ның ұстазы А.К.Құрманов басқарып апарды .1-отряд 430 адамнан жасақталып,1963 жылы құрылған болатын, ал келесі жылы оның саны 450 адамды құрады. Алғашқы 2 жылда шарт бойынша 1,332 млн.руб. қаржы тапты, ауылдық жерде 50 объекті бой көтерді, оның 2-уі астық қоймасы, 14 сиыр қора, 4 қой қора, 12 тұрғын үй.

1967 жылы құрамында 450 бар СҚО облыстың 6 ауданында жұмыс істеп, алдыңғы жылдарға қарағанда жұмыс өнімі 2 есеге өсті. 1968 жылы құрамында 550 адамы бар отрядтар 1,22 млн.руб қаржы тауып, 39 тұрғын үй, аудандық тубдиспансер, 2 қойма, 2 нефтебаза, 6 қой қора салды. Осы жылдары құрылыс отряды Чехославакияға барды, онда Чехославакияның құрылыс отрядының 14 студенті біздің институттың құрамына енді.

1988 жылы біздің құрылыс отрядтары Республикалық СҚО(ССО) слетінің жеңімпазы болды. Студенттік құрылыс отрядтары 22 еңбек семестрін өткерді, осы аралықта 45 млн. 233 мың кіріс енгізді.

Студент құрылыс отрядтары тек қана өндірістік мәселелерді шешіп қоймай, сонымен қоса жергілікті жерде қоғамдық- саяси, мәдени жұмыстарға да белсене араласып отырды : жасөспірімдер жұмысына басшылық жасады, агитбригадалар ұйымдастырылды, пионерлагерлерінің жұмысына араласып, соғыс ардагерлеріне көмек көрсетілді, спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Отрядтағы студенттер адамдармен араласу барысында қарым- қатынасжасай алу тәжірибесіне ие болды, ерте ер жетті, өзін-өзі басқара алатын болды. СҚО-да қалыптасқан ұйымдастыра алу қаблеті мамандық бойынша жұмыс істеу кеізнде пайдасы тиді. Инженер мамандарын жүйелі даярлауда қазіргі замандағы құрылыс мәселелері басты рөл атқарды. Құрылыс өндірісіндегі шарушылықты қайта құру, факультеттегі оқу процесіне өзгеріс енгізуді талап етті . Мамандарды жан- жақты қып даярлау қажет болды, сондықтан 1995 жылы біздің факультеттің инженер-құрылысшылары оқу-ғылыми өндіріс құрамына еніп,бір комплекс құрады. Бұл комплекске мамандық жағынан ұқсас Павлодар монтаж және Екібастұз тау-кен техникумы да енді. Павлодар химия- механикалық техникум, жоғарыдағы ПТУ N 9. Жоғарғы оқу орны мен колледж, техникумдарды біріктіру арқылы өндіріс пенғылыми жұмыстарды біріктіру мүмкіндігі туды.

Жұмыс жоспарларын кординациялай отырып, барлық баспалдақтағы мамандарды даярлауды дұрыс басқару мүмкіндігіне ие болды және оны жүзеге асыруда жергілікті жердің ерекшелігі есепке алынды. Материалдық- техникалық базаны ортақтаса пайдалану ғылыми жаңалықтар ашуға көмегін тигізді, облыстағы кәсіпорындардың шығаратын қалдықтарын жаңа техналогия арқылы өңдеу, құрылыс индустрия жүйелерін техналогия жағынан жаңарту, т.б. Бұларды жүзеге асыру мәселелерімен құрылыс- инженер факультетінің зертханалары, жаңа құрылыс материалдары мен конструкциялары, конструктор- технология бюросы шұғылданды. ОҒПК(УНПК) оқу ісін ұйымдастырудың жаңа формаларыі іздестірді. Факультет өміріндегі тарихи беттердің бірі оның ғылыми- зерттеу мен конструкторлық-жоспарлауға байланысты ізденістер.Бұл кезде жас ғалымдар мен мамандар саны өсті, олар түрлі құрылыс өндірістерінде зерттеулер жүргізіп, инженерлік және ғылыми зерттеу жұмыстарын алға жылжытты, ілгерілетті.

Факультет ғалымдары Павлодар-Екібастұз өңіріндегі өндірістердің қалдықтарын қайта өңдеу мәселесімен шұғылданды. Бұл зерттеудің актуалдығы сонда, қалдықтарды қайта өңдеуде ғана емес, сонымен қоса оларды құрылыста пайдалану арқылы қанша қаражат үнемделеді және ол қалдықтарды сақтайтын қоймалардың керегі болмайды, әрі экологиялық мәселе дұрыс шешілуіне байланысты табиғатты қорғау жүзеге асады.Екібастұз көмір бассейінен көмір қазылып алынғанна кеінгі оның қалдықтарын қанықтырғаннан кейін олардан өндіріске қажетті керамика, қабырғаға қажетті материалдар, байланыстырушы қоспалар (материалдар) жасауға болатыны анықталды.Бұл зерттеулер бойынша бірнеше кандидаттық диссертациялар жұмыстан қол үзбей- ақ қорғалды.

Павлодардағы керамикалық бұйымдар шығаратын заводта және аудандардағы кірпіш шығаратын өндірістерде қашалмаған (грубая) керамика Екібастұз көмір бассейінінің үстіңгі қабатындағы аргилито-алевролиттік негізден жасалды.Көмір қалдықтарынан жасанды-аглопорит алып, оны бос орынды толықтырушы ретінде пайдаланып,жеңіл бетон құюға болады. Факультет ғалымдары ТЭС-тер шығаратын көптеген тонна шлак күлдерінің , глиназем өндірістерінің бокситінің, металл шлактарының, ферросплав өндірісінің, тау-кен фабрикаларының қалдықтарын қайта өңдеуге байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Екібастұз көмірін жаққаннан кейі қалған құрғақ күлді бетон жасауда қолданса, қоспаның сапасын жоғарлатады және қоспаға кететін цементтің мөлшерін азайтады,сөйтіп қаржы үнемделеді, әрі бетонды қатайтып, сапасын жоғарлатады және оны қозғалтпай,бекітеді, лайдалану уақырынның мерзімін ұзартады.

Бетон жасайтын қоспада ферросплав өндірісінің қалдықтары ,атап айтқанда, конденсирленген ұсақ (микро) кремнеземдер қосылады, бұдан жоғары сапалы 500-М, 800-М маркалы бетондар шығарылады, оларға басқа материалдарды қосудың және қымбат технологиялық әдістердің де қажеті болмайды.Әсіресе ұсақ (микро) кемнезем суперпластификатормен қосылғанда ерекше тиімді , мысалға С-3.

Глиназем өндірісінің қалдықтары да қолданыста тиімді материал болып есептеледі. Бетон құюда ол қоспаны байланыстыруды 40-60 пайызға дейін көтереді, мықтылығын көтереді, темір арматураларға төтеп беру қасиетін ұлғайтады, төтенше жағдайларға қарсы тұра алады.Шлам (глиназем қалдығы) жол құрылысында қоспаны байланыстырушы ретінде қолданыла алмайды, тек жолдың астыңғы қабатына ғана төсеуге болады.

Жоғарыда аталған тақырыптар бойынша біздің факультеттің ғалымдарының ғылымиеңбектері 1961-1971 жылдар аралығында 20 авторлық куәліктерге және Қазақстан Республикасының 10 потентіне, СССР БАШТ(ВДНХ)-ның 2күмістөсалқасына(медаліне) ие болды.

Факультеттегі жас ғалымдар мен мамандар түрлі салада зерттеу жұмыстарын жіргізіп отырды, әуе,комос өндірістеріне, әскери технологияларға да байланысты зерттеулер жүргізілді. Екібастұз көмірінің қалдықтарында 15 пайызға дейін силикаттық микросфералар бар, олардың мөлшері бірнеше микрон.Түйіршегінің қуаттылығына байланысты, ішкі қуыстағы фазалық құрам- кез келген материалдарға таптырмас толтырғыш. Батыстың дамыған елдерінде мұндай толтырғыштардың жасанды түрлері қолданылады,олар өте қымбат, осыны ескеріп неге бұл материалдарды экспортқа шығармасқа.

Біздің ғалымдар сылақ қоспаларын жасаудың техналогиясын да тапты, олардың алгезиондық қасиеттері бар, жабысу қасиеті жоғары және тез кеуіп, қатып қалады,су жібермейді, сондықтан өзі құралыптас шет елдің «Бентонит» материалдарынан кем түспейді.

ИҚФ(ИСФ) тарихында барлық зерттеулерге қатысып отырды, кейбір ғимараттардың (ПНПЗ,ПХЗ,ПТЗ,ПАЗ,Екібастұздың ГРЭС-2,КЖБИ) авариялық жағдайларын бақылап,талдау жасап отырды. Құлау себептері анықталып, мұндай жағдайда не істеген жөн,мүлде құлатып тастау қажет пе, әлде конструкцияның (жобаның) сапасын өзгерткен жөн бе деген мәселелер қарастырылды.

Біздің факультеттің ғылыми-техникалық арсеналында технологиялық өңдемесі бар. 1984-98 жж. «Павлодарпромстрой» тресі салыну кезінде химзаводтың шлак сақтау қоймаларының маңына жаңа шымылдық орнатылды, ол «грунттағы қабырға» деп аталды, соның арқасында қабырғаға 20 метрдей биіктіктегі темірбетонды тіреу орнату мүмкіндігі болды, ол 22,5 м. белгідегі және ешбір жер қазу жұмыстарынсыз жүзеге асатын еді. Тереңдігі 20 метрлік траншеялардың нұсқауы (разработка) және сазды суспензия қоспасының астында бетондады, ол гидротығын рөлін атқаратын және грунтты құлаудан сақтайтын. Өндірістегі бұл әдіс қаржыны екі есе азайтуға әкелді. Құрылысты аяқтау мерзімін нормадан 3 есе азайтуға болатын болды. Біздің жас ғалымдардың өңдемелерінің перспективтігінің бірі- бетон қоспаларын транспорттау кезінде электрмен қыздырып, бетон носостары арқылы құбырларға жіберу. Бұл технология арқылы қоспаның сапасын өзгертуге, гидатация процесін тездетуге, бетон құрылымын бумен өзгертуге болады, ал бұл бетонның мықтылығын көтеріп, ұзақ уақыт қамтамасыз етеді. Бұл мәселелермен т.ғ.к. Ш.К.Торпищев, т.ғ.к. доц. П.В.Корниенко айналысады.

Факультеттің ғылыми жұмыстарының көп бөлігі сыртқы қабаттың мықтылығына, тұрақтылығына, динамикалық икемділігін қамтамасыз ету жайында ЭВМ мен бағдарламаларда бір жүйедегі теңестіру градинтті әдістер арқылы қалай шешуге болатынының есебі. Құрылыс конструкцияларының ұзақ уақыт іске асуына байланысты және кран конструкцияларына арнайы құрылыстар бойынша шарт жасау жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстарды т.ғ.е. проф. С.К.Елмұратов жүргізеді. «Есептеу» («Расчетчики») ИСФ стержендік жүйенің есебін дәстүрлі емес тәсілдер арқылы жүргізудің өңдемесін жасау жұмысын жалғастыруда. Есептеудің тәсілдері құрылыстар мен жылжымалы жүйенің күніне әсер ететін жеке бір жұмыстарға кейбір моменттердің әсеріне байланысты есептеу тәсілдері ұсынылған, қосымша бүлінулерді есептегендегі есептеу тәсілі бекітіледі. Ғылыми жұмыстың тағы бір бағыты-вибрацияланған техникалық қуаттың динамикасын зерттеу және оған синтез жасау, құрылыстардың жерсілкінісіне төзімділігін тексеру.

Факультет ұстаздарының шетелдегі ғылыми орталықтармен байланысы бар, факультет ғалымдары Нью-Йорктағы Ғылым Академиясының мүшелерімен байланыста және олар 3 секцияға қатысады: математика, инженер, компьютер.

1987 ж. КСРО-ның оқу орындарында оқу-әдістемелік құжаттар жүйесінің кешені студенттерді жоғары оқу орындарында үздіксіз даярлықтан өту. «Жоғары оқу орнында есептеу техникасынан үздіксіз даярлықтан өтетін студенттерге арналған оқу-әдістемелік құжаттар жүйесінің кешені, олардың ішінде «ЕТ және жоспарлау», пәнінің типтік бағдарламасы бар, «САПР», «АСНИ», «АСУТП» т.б.

Осы кешенге сәйкес 1988-89 оқу жылынан бастап «ПГС» және «ПИК» мамандықтарының оқу жоспарларына «Құрылысты жобалауды автоматтандыру негіздері» пәні қосылды. 1989 жылдың соңында ПИИ алғашқы ПК/ ВМ РС/Хт алды және ИСФ үшін 3 комплект бөлді. 1993 жылы 10 ПК/ВМ-нен тұратын компьютерлік сынып жұмыс істейді. Ат-80286 математикалық қамтамасыздандыруға сәйкес келеді. ПИИ- де оқу үрдісіне алғашқы болып «Auto САД» жүйесі енгізілді, әдістемелік әдебиет құрылады. «ИСФ компьютерлік сынып негізінде «АОИСУ» мамандығының студенттеріне «Инженерлік жобалау», «Мәліметтер базаларымен банкілер», «Проблемалық- бағыттаушы есептеу жүйелері», «Қолданбалы жүйе» пәндері бойынша сабақтар жүргізіледі.

ПК курстық және дипломдық жобалауларда, іс-қағаздарында қолданыла бастады. ИСФ компьютерлік сынып PENTIUM, АРМ- жобалаушы (Celeron- 366 А процессоры бар ПК) типіндегі 25 компьютермен жабдықталды, олардың көмегімен студенттер заманауи операциялық жүйелермен (Windo ws -95/98), сондай-ақ жалпы және арнайы тағайындамадағы қолданбалы бағдадарламалармен жұмыс істей білуге дағдыланады.

Арнайы бағдарламалар үлгісі ретінде Auto САД автоматтандырылған жобалау жүйесі қызмет ете алады) оның көмегімен ерікті формат сызбаларын және құрылыста қолданылатын жоғары күрделіліктегі сызбаларды, сондай-ақ ARCICAD архитектура-құрылыс жобасы мен дизайны жүйесін орындауға мүмкіндік береді, қажетті ақпаратты сақтайтын жобалаушы ғимараттардың виртуальды үш өлшемдік моделін жасай алады (қабат, фасад, сметалық құжаттар жоспарлары). MathCAD қолданбалы бағдарламалары инженерлік есептеу үшін қолданылады. Оқу үрдісі барысында студенттер MS Worol WD , Excel кесте процессорларымен, Fccess мәліметтер базасымен жұмыс істеу дағдыларын игереді.

Мамандар даярлауда жаңа пәндер қосылды «Машиналық графика», «Архиттектуралық жобаларда ЭУМ пайдаолану», «Қүрылыста ЭУМ жаттықтыру мен есептеуде пайдалану».

Оқу процесі мен курстық, дипломдық жұмыстардың жоспарлауда плоттер пайдалану, ИСФ базасының негізінде №1-08/154 бұйрығы бойынша 15.06.2006 ж. іздестіру жұмыстары жоспар негізінде жүзеге асты.

ҒІИ ережесі өңделіп, жұмыс жоспарлары мен оны орындаушылар берілген және аудиториялар мен зертханалар туралы РТО ОАО- мен шарт жасалған.

Алғашқы инженер-құрылыс факультетінің деканы П.А.Василевский. Кейінгі кездерде факультеттің декандары болғандар: Б.А.Миловидов, И.С.Ахметов. 1979 ж. факультет деканы болып В.И.Данилов, М.К: Алтыбсаров, В.А.Козинов, М.А.Шинтемиров сайланнады.


Кафедра басшылығы


Факультет деканы

профессор М.К.Күдерин.

Декан орынбасары

т.ғ.к. доцент В.А. Козинов

Декан орынбасары

аға оқытушы А.К.Алдунгарова



Қазір архитектура –құрылыс факультеті 7 мамандық бойынша студенттер даярлайды: құрылыс, архитектура, дизайн, құрылыс материалдарын өндіру, метрология стандарты және қүрылыстағы сертификация, сыртқы ортаны қорғау, азық-түлік технологиясы. Магистратуралар даярлау жұмысы 2 бағытта жүреді: құрылыс, құрылыс материалдары мен конструкция (құрылым( бойынша.

Оқу- тәрбие процесі бойынша 4 бітіруші кафедра:


- өндірістік және азаматтық құрылыс (кафедра меңгерушісі, т.ғ. д., проф. С.К.Елмұратов).


- архитектура және дизайн (кафедра меңгерушісі Ж.А. Темірбаев).


- көлік құрылысы және профессионалдық оқыту (кафедра меңгерушісі – т.ғ. к., доц. Қ.Т.Сәкенов).


- азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қоршаған ортаны қорғау (кафедра меңгерушісі – т.ғ. к., доц. К.Ш.Арынғазин).


Жоғары клафикациялы мамандар даярлауда факультет ғалымдары үлкен рөл атқаруда:, олар: К.Д.Құрманов, П.В.Корниенко, М.А.Шинтемиров, В.И.Данилов, М.Э.Данилова, Г.С.Фахрутдинов, Ш.К.Торпищев.

2007-08 жылдары докторлық диссертацияны АСФ деканы М.К. Кудерин ПГС кафедра меңгерушісі С.К. Елмұратов, доцент В.Н. Украинцев қорғады.

Факультетте 35 доктор, ғылым кандидаттары мен профессор, доценттер бар.


 
 

Құттықтаулар

 

Портал бойынша іздеу

 

Жаңалықтар, хабарландырулар

 

Іс-шаралар күнтізбесі

  2010
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
 






TITGroup