Психология және педагогика кафедрасы
Кафедраның құрылу тарихы
Психология және педагогика кафедрасы С.Торайғыров атындағы филология, журналистика және өнер факультетінің құрамына кіреді, Бурдина Елена Ивановна кафедра меңгерушісі тағайындалды.
Кафедра 050503 «Психология», 050905 «Әлеуметтік жұмыс», 050103 «Педагогика и психология» мамандықтары бойынша бакалаврларды дайындайды.
Кафедра студенттері ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді түрде араласады.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары
2004 жылы
«Прометей» бағдарламасы бойынша «Становление и развитие образования в крае Кереку-Баян» п.ғ.к., доцент Е.И.Бурдинаның басқаруымен студенттердің ғылыми-зерттеу тобы: А.М.Әбелдинова, И.В.Лукьянова, В.И.Пронькина, Ю.В. Плетюхиналар бірге еңбектеніп кітап даярлап, нәтижесінде академик Ә.Х.Марғұланның 100–жылдығына арналған конференцияда кітаптың тұсаукесері өтті.
2006-2007 жылдар
БП — 32 тобының студенттері М.Магомедова, Ю.Редько, Г.Балина және топ жетекшісі п.ғ.к., доцент М.В.Семенова «Прометей» жобасының байқауына қатысып, 100000 теңге грандтты жеңіп алды.
Педагогика және психология кафедрасының студенттері психология және педагогикадан жыл сайын өтетін Республикалық олимпиадаларға қатысады. 2005, 2008 жылдары психологиядан үшінші жүлделі орын; 2008 жылы — педагогика саласы бойынша І орын және ауыспалы «Мудрая Сова» сыйлығын жеңіп алды.
Кафедраның 10 студенті түрлі арнайы стипендияларының иегерлері: ҚР Президентінің, облыс әкімдерінің, С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры және т.б. Кафедра аспиранты С.Д.Әубәкірова Қ.Сәтбаев атындағы стипендияның жеңімпазы. (2008ж)
2008-2009 жылдар
СР-202 тобының студенттері С.Калиева, А.Бурова, СР-301 тобының студенті Г.Жабагина және топ жетекшісі
п.ғ.к., доцент Е.Н. Жұманқұлова «Прометей» жобасының байқауына қатысып,
100000 теңге грандтты жеңіп алды.
Кафедра басшылығы
Аты-жөні: Бурдина Елена Ивановна
Лауазымы: С.Торайғыров атындағы ПМУ-гі психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі
Ғылыми дәрежесі: Педагогика ғылымдарының докторы, профессор.
Диссертация қорғаған жері: Қарағанды қаласындағы Бөкетов атындағы ҚарМУ
Мақалалары: 200 ден асады, оның 7 оқу құралы, 1 монография
Қосымша ақпарат:
1. Е.А.Бөкетов атындағы 14.50.05 БД біріккен докторлық Кеңестің мүшесі.
2. Ы.Алтынсарин атындағы белгімен марапатталғын 2006 ж.
3. Педагогика саласындағы ең үздік ғылыми зерттеу жұмыстары үшін
Ы.Алтынсарин атындағы ІІІ дәрежелі сыйлықтың лауреаты. 2007 ж.
4. 2008 жылы БжҒМ жариялаған "Ең үздік оқытушы" мемлекеттік грантын иеленді.
5. Жетекшілігімен 7 кандидаттық диссертация қорғалды. 5 кандидаттық диссертация қорғауға даярлық үстінде.
Байланыс телефоны: 673685 (ішкі 139).
Кафедраның орналасқан мекен-жайы: Павлодар қ., Ломов к-сі, 64 үй, каб. 149. тел 673685 (ішкі — 1139).
Мамандықтар және мамандандырулар туралы
Профессор-оқытушылар құрамы