"Орындаушылық өнер" кафедрасы
Кафедраның құрылу тарихы
С. Торайғыров атындағы ПМУ-не қарасты Филология, журналистика және өнер факультетінде 2004 жылдан «Орындаушылық өнер» кафедрасы жұмыс істейді. Кафедра меңгерушісі п.ғ.к., ПМУ доценті Сметова Алмагүл Амантайқызы, С.Торайғыров атындағы ПМУ-де ПОҚ басшылық қызметте 20 жыл жұмыс істейді. Қазіргі кезде педагогика ғылымдарының докторы, профессор Енгилика Жұматаева ПМУ ректорының бұйрығымен 2009 жылдың 1 сәуірінен "Орындаушылық өнер" кафедрасының меңгерушісі болып сайланды.
Кафедра басшылығы

ЕНГИЛИКА ЖҰМАТАЕВА – педагогика ғылымдарының докторы, профессор.
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемелекеттік университетіне қарасты Ж.Аймауытов атындағы этнопедагогика және білім берудің инновациялық технологияларының ғылыми-практикалық орталығының директоры.
Е.Жұматаеваның Білім және педагогика ғылым саласында ерекше еңбегі үшін мынадай наградалармен: «Қазақ ССР халық ағарту ісінің одақ қызметкері», «Ыбырай Алтынсарин», «Ана тілі», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбек үшін» медальдарының иегері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды.
2005 жылы Қазақстан Республикасының жетекші ғалымдар құрамына енгізілді.
2005 жылдың сәуір айынан 2007 жылға дейінгі аралықта ҒПО директоры Е.Жұматаева Астана қаласындағы ЕАГИ–да диссертациялық кеңестің мүшесі болды. Қазіргі уақытта Қарағанды қаласындағы Букетов атындағы ҚарМУ диссертациялық кеңестің мүшесі.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Е.Жұматаева 13.00.01 – жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша 7 кандидаттық және докторлық зерттеу жұмыстарына оппонент болып, Астана, Алматы, Атырау, Түркістан, Қарағанды қалаларындағы кеңеске қатысты. Ғалымның жетекшілігімен 4 кандидаттық диссертация қорғалды, 28 ізденуші ғылыми жұмыс жазуда.
Халықаралық ғылыми-педагогикалық «Ұлт тағылымы» және «Тәрбие құралы» журналдарының, ЖАК ұсынылған «ПМУ хабаршысы» журналының Педагогика сериясының редакция алқасының мүшесі.
120-дан астам ғылыми мақалалар, оқу құралдар, оқулықтар, монографиялар және екі ғылыми жобалардың авторы.
2006 жылы «Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі басқарудың білімдену инновациялық технологияларын іске асыру» тақырыбында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған ғылыми жобаның 3 миллион теңге грантының иегері, мемлекеттік тапсырысы бойынша өткізілген «Қазақстан Республикасының 2007-2009 жылдардағы тұрақты дамуының негізі – ұлттық мұраттар негізіндегі қолданбалы ғылыми-зерттеу бағдарламалары» атты байқауына қатысып, «Қазақстан қоғамының көпұлтты консолидациясы – жалпы адамзаттық мұраттар негізі» тақырыбы бойынша 3 миллион теңге гранты ұтып алды.
2007 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған «Оқу-тәрбие үдерісін басқаруда біліктілікті арттыру және дайындау» атты №1 лото бойынша «Білім беретін ұйым басшыларының педагогикалық – ұйымдастырушылық негізі» атты жобаға қатысты.
2006 жылдың желтоқсан айында Ресей Федерациясының педагогикалық білім беру халықаралық ғылым Академиясының (ПБХҒА-ның) корреспондент-мүшесі және академигі болып сайланды.
2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің үздік ғалымы атанды.
2007 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» Мемлекеттік грантының иегері.
2007 жылы «Үздік оқытушысы» конкурсының «Үздік профессор» номинациясының иегері.
2007 жылы Новосібір қаласындағы сәулет институтының қызметкерлерімен бірлесе отырып қызмет жасауға келісім шартқа отырды.
2008 жылы Омбы қаласындағы Мемлекеттік университетінің қызметкерлерімен бірлесе отырып қызмет жасауға келісім шартқа отырды.
2008 жылы ФИДЖИП президентінің шақыруымен Францияда өткен халықаралық ғылыми семинарға қатысты.
2008 жылы педагогика саласындағы үздік ғылыми зерттеулері үшін алтын медальдің ұсынылуымен Ы.Алтынсарин атындағы ҚР БҒМ бірінші дәрежелі мемлекеттік сыйлығының жеңімпазы.
Байланыс телефондары: +7-701-626-36-32
Электрондық мекен-жай:
Осы e-mail мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарастыру үшін Сізде Javascript қосылу керек.
Кафедраның орналасқан мекен-жайы: БУК, 26 ауд.
Байланыс телефоны: 673643 (269)
Кафедраның жетістіктері
Кафедра ұжымының шығармашылық жұмыс: 2006 жылы «Халық» атағын алған Естай атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің дирижоры С.Торайғыров ПМУ доценті, ҚР мәдениет қызметкері Каримов Талғат Баритович басшылығымен Құрманғазы (Алматы) атындағы академикалық оркестрімен бірлесе отырып қызмет жасайды, Республика, облыс және қала деңгейінде қоғамдық жұмыстарға қатысып, өнер көрсетеді.
Кафедрада 450 орынға арналған концерттік зал бар. Онда халықаралық фестиваль-сайыстары, концерттер, конференциялар өткізіледі. 2008 ж. 5-ші Республикалық «Үздік музыка мұғалімі — 2008» атты фестиваль-сайысы өткізілді. ҚР сегіз ЖОО-ның өкілдері фестиваль-сайысының қатысушылары болды. С. Торайғыров атындағы ПМУ ректораты конкурс-фестивальды ұйымдастырып, өткізу үшін үлкен материалдық және қаржылай көмек көрсетті.
Аралас хор – басшысы және дирижері, кафедраның аға оқытушысы Анишева Гүлжан Мағауияновна, хор байқауларының лауреаты (Павлодар қаласында, С.Торайғыров атындағы ПМУ өткен және ҚР ЖОО-ы арасында «Үздік музыка мұғалімі – 2008» фестивал-байқауының лауреаты).
Хор репертуарында қазақ, шетел классиктерінің шығармалары, «Ертіс жұлдыздар» эстрадалы Республикалық «Дос Мұқасан» ән байқаулардың лауреаты және т.б.
Мамандықтар және мамандандырулар туралы
Профессор-оқытушылар құрамы
Оқу-зертханалық база