"Автоматтандыру және басқару" кафедрасы
Кафедраның құрылу тарихы
Кафедра 2008 жылға дейін ауқымды бағытттағы инженер-жүйетехниктерді және инженер-электртехнологтарды дайындауды жүргізді, ал қазіргі уақытта автоматтандыру мамандығы бойынша кез келген өндірістік техникалық прогресті тездету бағыттарының бірі — технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыруды жобалауды, зерттеуді, жөндеуді және қазіргі автоматтандырылған өндірістік құрылғыларды өз бетімен және шығармашылықпен шеше алатын қабілетті бакалаврларды дайындайды.
Кафедра 1989 жылы құрылды. Оқу үдерісін ғылыми-педагогикалық және өндірістік қызметтегі тәжірбиесі мол, жоғары білікті оқытушылар жүргізеді. Олардың қатарында 5 техника ғылымының докторлары, кандидаттары, 5 профессор, 5 доцент. Студенттерді оқытуға қала мен облыстың жетекші ұйымдары мен кәсіпорындарынан жоғары білікті ғылыми мамандар тартылады.
Кафедарадан оқып шыққан мамандар әртүрлі өндірістік кәсіпорындарда, ҚР және ТМД елдерінің түрлі саладағы өндірістік және жоба-құрылымдық мекемелерде жемісті еңбек етуде. Кафедра түлектерін мынадай ірі кәсіпорындар қажет етеді: «Қазақстан Алюминий» АҰ, «Қазақстан электролизді зауыты» АҰ, «Павлодар мұнай өндіруші зауыты» АҰ, «Еуразия энергетикалық корпорациясы» АҰ, «Ақсу ферқорытпа зауыты» АҰ, «Павлодар жылу жүйесі» АҰ және т.б.
Кафедра құрылғаннан бері 647 инженер, оның ішінде 148 үздік үлгідегі диплом алғандар. Кафедра 2004 жылдан бастап «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындайды.
Кафедраның дамуына мол үлес қосқандар: техника ғылымының докторлары, профессорлар Т.Б. Потапова, В.Г. Сальников, профессор, т.ғ.к., С.А. Мендібаев, доцент, т.ғ.к., Д.Ж. Ибраев., К.В. Хацевский, Т.В. Гоненко, В.В. Кибартас, Е.В. Зигангирова.
Кафедра студенттерінің СНО жұмысы мен ғылыми конференцияларға қатысуына үлкен назар аударылады. Үздік студенттер оқу жадығаттарын терең меңгеру мақсатында және қосымша білімді алу үшін кейіннен студенттік ғылыми-техникалық конференциялар мен арнайы бөлімдегі дипломдық жобаларға қатысуына, баяндамаларды орындауға назарға алынады.

Кафедрада ғылыми-педагогикалық мамандарды дайындау үшін жоспар шаралары жүргізіледі. Кафедраның профессор-оқытушылық құрамы энергетика факультетінің үздік түлектерінен құралған. Олардың қатарына доценттер, т.ғ.к., В.Ю. Мельников, К.В. Хацевский, Т.В. Гоненко, Е.В. Зигангирова, аға оқытушылар О.А. Андреева, Ю.В. Кибартене, М.П. Воликова. Кафедраның үздік түлектерінің ішінен кандидаттық диссертацияларын Д.В. Поляков, Е.Г. Бородацкий, А.В. Ткачук, М.П. Воликова, О.А. Андреева, М.Т. Токомбаев, А.С. Стинский қорғады. Кафедраның бұрынғы оқытушысы И.А. Малышев 1995 жылы Қазақстан Республикасында алғаш рет техникалық ғылымының магистрі болды, қазір «Қазақстан алюминийі» АҰ-да бас энергетик болып істейді. Қазіргі уақытта жақында кафедраның оқытушылары болатын бірнеше түлек аспирантурада оқып жатыр.
Кафедра құрылғаннан бері Павлодар-Екібастұз аумағындағы кәсіпорындарға тапсырыс бойынша әртүрлі ғылыми-зерттеу жұмыстары орындалды. Жалпы 93,5 млн.тг. құрайтын 35 астам ҒЗЖ жасалды.
Кафедраның халықаралық ғылыми байланыстары үнемі дерлік дамуда болды. Чехословакияда ғылыми сынақ ісінен т.ғ.к., профессор В.С. Копырин, Швейцарияда т.ғ.к., доцент Д.В. Поляков, Германияда т.ғ.к., доцент В.В. Кибартас, Ұлыбританияда т.ғ.к., доцент Е.В. Зигангирова, Ресейде т.ғ.к., доцент Т.В. Гоненко өтті. Профессор-оқытушылық құрам Павлодар облысында өткен «Қазақстан энергетикасының проблемалары», «Энергетикадағы ғылым мен жаңа технологиялар» және т.б. бірнеше халықаралық ғылыми конференцияларда белсенді қатысты.
Кафедрада қызметкерлердің ғылыми біліктілігін арттыру жұмысы үнемі жүргізіледі. Диссертация қорғағандар: докторлық — профессор В.Ф. Хацевский, В.А. Бороденко, А.Н. Новожилов, кандидаттық — доценттер Т.В. Гоненко, М.П. Воликова, П.Н. Майшев, Е.В. Зигангирова, В.В. Кибартас. Кандидаттық диссертацияcын дайындауда аға оқытушы Ю.В. Кибартене белсенді жұмыс істеуде. Кафедрада ғылыми дәрежелері бар оқытушылардың саны биыл артпақшы.
Кафедра басшылығы

Хацевский Владимир Филатович
1948 ж.10.08 Украинада туған.
1969 жылы Павлодар индустриялық институтының «Өндірістік кәсіпорындарын электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша кешкі факультетке оқуға түседі. Оны 1975 жылы үздік аяқтап, оқытушы болып қызмет атқарады. 1980-1983 жылдар аралығында Мәскеу энергетика институтының мақсатты күндізгі бөлім аспиарнтурасында оқып, осында 05.09.10 —«Электртермикалық процестер мен құрылғылар» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын сәтті қорғайды.
Кандидаттық диссертациясын қорғағаннан кейін, 1984 жылы Павлодар индустриялық институтында жұмысын жалғастырады. 1992 жылдан қазірге дейін Автоматтандыру және басқару кафедрасының меңгерушісі болып істейді.
2001 жылы С.Торайғыров ат. ПМУ-дің профессоры академиялық лауазымы берілді. 2001-2002 жылдары Новосбір мемлекеттік техникалық университетінің докторантурасында оқиды. Оқуды бітіргеннен кейін 㬁.09.10 — «Электр технологиясы» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын сәтті қорғады.
23.05.2003 жылғы РФ ЖАК Президиумының шешімімен техника ғылымының докторы ғылыми атағы бекітіліп, 26.02.2004 жылғы ҚР ЖАК Президиумының шешімімен техника ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесінен қайта аттестаттаудан өтті.
18.02. 2004 жылғы №04-0218-02 Нақты экономикалық халықаралық академиясы Президиумының Қаулысымен (Мәскеу қаласы) академияның толық мүшесі болып сайланды. 30.09.2004 жылғы ҚР ЖАК Президиумының шешімімен «Электр техникасы» мамандығы бойынша профессор ғылыми лауазымы берілді. 2008 жылдан бері Алматы энергетика және байланыстар институты жанындағы Д 14.02.04 Диссертациялық кеңесінің мүшесі.
В.Ф. Хацевскийдің 160 ғылыми еңбегі бар, оның 2 монография, 35-тен астамы орталық басылымдардағы мақалалар, 3 СССР өнертапқыш авторлық куәлігі, ҚР 10 патенті, 17 оқу көмекші құралдар және т.б.
«Автоматтандыру және басқару» шығарушы кафедрасының құрылуына 1992 жылға дейін басшылық еткен т.ғ.к., профессор, кафедраның алғашқы меңгерушісі В.С. Копырин белсенді қатысты.
Кафедраның орналасқан мекен-жайы: Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64-үй
Автоматтандыру және басқару кафедрасы (333 аудитория) — тел.8(7182) 673657
Мамандықтар және мамандандырулар туралы
Профессор-оқытушылар құрамы
Оқу-зертханалық база
Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстар