Жүйеге кіру үшін тіркеліңіз

 

Қашықтықта оқыту

 
 

"Журналистика" кафедрасы

Кафедраның құрылу тарихы

Журналистика кафедрасы 2006 жылы «Журналистика» мамандығы бойынша шығарушы кафедра болып қайта құрылды. Бұл мамандық 2001 жылы ашылған.

 

 

Кафедра басшылығы
 

Алдабергенов Қырықбай Мазанұлы — Журналистика кафедрасының меңгерушісі.

Ғылыми дәрежесі: тарих ғылымдарының докторы. Ғылыми атағы – ЖАҚ доценті, ЖАҚ профессоры.

Жоғары білім алған білім беру мекемесі: С.М.Киров атындағы КазМУ-нің журналистика фаукультетінде «Журналистика» мамандығын алды.

Ғылыми еңбектерінің саны: 150.

Мына пәндерден сабақ береді: «Қазақ журналистикасының тарихы», «Публицистикалық шығармашылық негіздері», «Публицистика өнері», «Публицистің шығармашылық шеберханасы», «Публицистика және саясат», «Мамандандыру пәндері», «Зарубежная журналистика», «Пресса и экономика».

Ғылыми зерттеу салалары: «Қазақ және орыс баспасөздерінің тарихы», «Отандық тарих, әдебиеттану тарихы». Жұмыс өтілі: 47 жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі 21 жыл.

Байланыс телефоны: 673631 (ішкі 01-245).

 

 

Кафедраның жетістіктері 

Журналитсика кафедрасында тарих ғалымдарының докторы, профессор Алдабергенов Қ.М., филология ғылымдарының кандидаттары, доценттер Баткеева Б.Т., Әшімбетова Р.Д., Тәшімханова Д.С., аға оқытушылар — Әшенова С.В., Ысқақов Қ.С., Белгібаева Қ.Қ., оқытушылар — Аманбекова А.К., Бережная Т.С. профессор-оқытушылар құрамы жұмыс істейді. Кафедра оқытушылары білімдерін жетілдіру курсынан өтіп, ғылым кандидаттары мен докторлары атаған алу жолында ізденушілер болып табылады.

Баткеева Б.Т. — филология ғылымдарының кандидаты, доцент «ХХ ғасырдың екінші жартсындағы әдеби сын» атты докторлық диссертациясын 2010 жылы қорғауға тиіс. Әшенова С.В. — тақырыбы «БАҚ-ты саяси үкіметтің пайдаланылуындағы нақты тенденциялар» — 2009 жылы қорғалады. Ысқақов Қ.С. — тақырыбы «Аудармадағы ұлттық калорит көрінісі» — 2010 жылы қорғалады. Бережная Т.С. — тақырыбы «20 ғасыр мәтін құрылымындағы архаизм сөздердің ерекшелігі» - 2010 жылы қорғалады. Аманбекова А.Қ. — тақырыбы «Қазақсатн тарихының ақтаңдақтары» (1991-2008 жылдар). Кафедра мүшелері «Қазақ журналистикасының тарихы», «Публицистикалық шығармашылықтың негіздері» «Основы межкультурной коммуникации», «Массовые коммуникации», «Введение в журналистику» пәндері бойынша баспаға 5 оқу - әдістемелік құралдарын дайындады.

Мемлекеттік тілде дәрістерді тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.М. Алдабергенов, филология ғылымдарының кандидаттары доценттер Баткеева Б.Т., Әшімбетова Р.Д., Тәшімханова Д.С., аға оқытушылар Бижан Ж.Қ., Ысқақов Қ.С., оқытушылар Аманбекова А.Қ. Оқу сабақтары радио, телевизиа, газет редакцияларында өткізіледі. Мұнын өзі студенттерді теориялық және практикалық жан-жақты дайындықтан өтуіне жағдай жасайды.

Кафедра оқытушылары оқу жүйесіне сабақ өткізудін интерактивті түрлерін: іскер ойын, дөңгелек столдар өткізу, пікір-талас түрлерін енгізген. Кафедра студенттерінің таңдаған мамандықтары бойынша қажетті білім алуына барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Кафедра ұжымы облыстық «Сарыарқа самалы», «Звезда Приитышья», «Қазақстан-Павлодар» телерадиокорпорацияларымен тығыз байланыста.

Кафедра студенттері оқуларын республикалық, халықаралық дәрежедегі түрлі кәсіби дәрежедегі шараларға қатысумен байыта түскен. Мәселен, студенттер Турабаева Г., Веревкин А., Қайыркелдин Б., Мелентьев А. Омарова Ж. 2005 жылы Щучинск қаласында өткен 3-ші халықаралық «Евразия сақинасы» Ақпараттың форумының, сондай-ақ. Москвада өткен (2006 жыл) осындай форумның дипломанты болып Веревкин А. танылды. Ал, VI халықаралық «Шабыт» жастар фестивалінің жеңім-паздары болып Ложкина А. танылды. Әсіресе Президент стипендианты, «Theodor–Heuss–Kolleg der Robert Bosch Stiftung.» жастар бағдарламасының иегері Веревкин ерекше болып айтқан жөн. Жас журналистер форумына қатынасушылар (Томбы қаласы), Жас журналистердің Халықаралық конкурстарының жеңімпаздары (Ташкент қаласы) болып студентттер Омарова Ж. және Мелентьев А. аталды. «Қазақстан 1 — Павлодар» арқасында студент жастардың «Старт-рек» және «Өртең» бағдарламалары апта сайын шығады. Оны негізіне 2 курс студенттері дайындайды. Сондай-ақ, олар өздерінің қалалық «SMS» атты жастар газетін (екі тілде) шығарады. Көптеген баспасөз органдары мен (отандық және ресейлік БАҚ тарда) тығыз байланыс орнатылып, студенттер тәжірибені сонда өткізеді.

 

Кафедраның орналасқан мекен-жайы: Павлодар қаласы, Ломов көшесі 64, А корпус, 536 каб.

 

 

Профессор-оқытушылар құрамы

 
 

Құттықтаулар

 

Портал бойынша іздеу

 

Жаңалықтар, хабарландырулар

 

Іс-шаралар күнтізбесі

  2010
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
 






TITGroup