Мұражай кешенінің бастығы - Рахимжанова Гүлнәр Хисматқызы.

 

 

 

 

 

 

 

 

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің мұражай кешені   маңызды құрылымдық бөлімшесі қатарына жатады. Павлодар облысында  ең жас мұражайлардың бірі болғанымен ол-мәдениеттік мұра сақтаушысы болып табылады. Мұражай кешені университеттің құрылғанынан бастап бүгінгі күндерге дейін  ғылыми-білімдік, мәдени-ағартушылық, қоғамдық жақтарын көрсетеді. С. Торайғыров атындағы мұражай кешені тақырыптық және шолу лекцияларды дамытып келушілердің әр-түрлі категорияларына  өткізеді (студенттер, қала және облыс мектепттердің оқушылары, универститет қызметкерлері).

Мұражай кешенінің құрамына 8 мұражай кіреді:

  1. Павлодар облысы ғылымының тарихы мұражайы
  2. қазақ этнографиясы мұражайы
  3. техника тарихының мұражайы
  4. геологиялық мұражай
  5. Ә.Марғұлан атындағы археологиялық мұражай
  6. ПМУ тарихының мұражайы
  7. «Дос-мұқасан» ВАА-ның шығармашылығына арналған мұражай.
  8. Қазақстанның минералды-шикізат базасының мұражайы

Ең бірінші 2001 жылы қыркүйек айында Павлодар облысы ғылымының тарихы мұражайы ашылды.

Павлодар облысы ғылымының тарихы мұражайының экспедициясы Ертістің Павлодар өңірінің танымал ғылым қайраткерлерімен таныстырады. Мұнда әр уақыттағы белгілі ғалымдардың жерімізді зерттеу жолдары көрсетілген Павлодар өңірінің картасы бар. Мұражайдың бағалы экспонаттары — Қ.И. Сәтбаевтың, Ш. Шөкиннің, Е. Бекмахановтың, А. Сағыновтың, А. Бектұровтың, С. Бейсембаевтың жеке заттары мен қолжазбалары.

2002 жылдың сәуір айында қазақ этнографиясы тарихы мен техника тарихының мұражайлары ашылды.  

Техника тарихы мұражайында радио, фото, бейне техникаларының, күнделікті тұрмыстағы техника мен компьютерлік техниканың даму тарихы көрсетілген.

Этнографиялық мұражайда қазақтың халықтық қолөнер туындылары қойылған. Олар – 18-19ғ. алтын бұйымдары, өрнектеліп тігілген кілемдер, үй заттары, ұлттық киім, қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарының толық жиынтығы. Бұл музыкалық аспаптарды университет шеберханасында талантты шебер, еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Н. Әділбеков жасаған.

Экспозицияда қойылған бұйымдардың арасында көне білезіктер, сақиналар, шашқа, алқаға, самайға тағатын әшекейлер көрсетілген, сонымен қатар киім ілгектер, түймелер, таналар, күміспен безендірілген ерлер киетін белдік пен қылыш та бар.

Қолданбалы өнердің шебері Әділбеков Н. қазақ киіз уйін, ыңыршық, ашамай жабдықтарымен толықтырды.

Сонымен қатар этнографиялық мұражайға текемет, яғни киізден жасалган ұлттық жер төсеніші тарту етілді.

Геология мұражайы 2002 жылы қараша айында ашылған. Мұражай экспозициясы үш бөлімнен құралған. Бірінші бөлімде академик Қ.И. Сәтбаев жинаған минералдар жиынтығы қойылған. Оны мұражайға академиктің қызы геология ғылымдарының докторы Мейіз Қанышқызы Сәтбаева тапсырған.

Басқа бөлімдерде Қазақстанның әр түкпірінен жиналған минералдар мен тау жыныстары көрсетілген. Қызметкерлердің үлкен қызығушылығына ҚР геологиялық картасы түседі. Ол картады Республикамыздағы жер астындағы байлықтар бояуланып көрсетілген. Бұл мұражай келешек металлургтар болатын оқу аудиториясында орналасқан.

2002 жылы желтоқсан айында белгілі ғалым, академик, археолог, этнограф, филолог Әлкей Хаканұлы Марғұлан атындағы археологиялық мұражай ашылды.

Археологиялық мұражайдың экспозициясында біздің университеттің Ә.Х. Марғұлан атындағы археологиялық ғылыми-зерттеу орталығының жүргізген археологиялық зерттеулерінің негізгі бағыттары көрсетілген. Мұнда көне экспонаттар берілген, яғни олар – палеолит дәуіріндегі тас қарулар: қол шапқы, пышақ, балталар. Энеолит және қола дәуіріндегі бөлімдерде керамика, қола, алтын және күміс бұйымдардың түрлері берілген. Мұражай экспозициясы көп жылғы археологиялық зерттеулер нәтижесінде алынған бай фактілік материал негізінде жасалған. Мұражай экспозициясы үнемі археологиялық орталықтың және студенттердің оқу практикасы кезіндегі зерттеулерінен алынған жаңа экспонаттармен толығып отырады.

 ПМУ тарихының мұражайы 2005 жылы 18-мамырда ашылды. Мұражай экспозициясында университеттің құрылған кезеңінен (1960ж.) бастапқы тарихы бойынша материалдар берілген. Бұлар – фотоматериалдар, құжаттар, студенттік билеттер, сынақ кітапшалары, алғашқы бітіруші студенттердің дипломдық жобалары, ЖОО-ның қазіргі кезеңге дейінгі дамуы туралы әңгімелейтін материалдар. Бұл мұражайдың маңызды міндеттері ол – университет тарихын зерттеу және насихаттау, ПМУ тарихымен байланысты материалдарды жинап көрмелеу, студенттерде және қызметкерлерде азаматтық, өнегелі сапасын тәрбиелеу, олардың өз университетін силау және сүйю деген сезімдерін тәрбиелеу.

 
 

«Дос-мұқасан» ВАА шығармашылығына арналған мұражайдың ашылуы 2008 жылы 28-қыркүйекте жыл сайынғы ІІІ республикалық «Дос Star» фестивалімен қатар болды.Бұл мұражай , өз концерттік шығармашылығын Павлодар облысында бастаған әйгілі ансамбльдің шығармашылығына арнап алғаш рет біздің университетте  ашылған болатын. Мұражайдың ашылған негізгі мақсаты ол – студенттерде белсенді азаматтық позиция мен патриоттық сезімді тәрбиелеу. Экспозицияда 600-ден аса фотоматериалдар, ансамбльдің шығармашылық процесін көрсететін афишалар, жеке заттары, музыкалық аспаптар, концерттік костюмдер қойылған.

«Университеттің 50 жылдығына қарай 50 нақты адымдар» бағдарлама рамкаларына қарсы мұражай кешенінің қызметкерлерімен Қазақстанның минералды-шикізат базасының мұражайы ашылды. Бұл муражайда Қазақстан қалаларынан жиналған шикізат үлгілері көрсетілген.

  
 

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің мұражай кешенінің залдарында үнемі оқу экскурсиялары, қаланың лицейлері мен колледждерінің, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған дәрістер мен қызықты кездесулер өткізіліп тұрады. Бізге Екібастұз, Ақсу қалаларына, облыстың ауылдық мекендерінен оқушылар жиі келіп тұрады. Сонымен қатар, мұражай кешеніне келушілердің қатарында шетелдік делегациялар мен алыс-жақын шетелдік қонақтар да бар.

Іс-шаралар

Біздің мұражай кешені тарих және құқық факультеті студенттерінің мұражайлық практика бойынша тәжірибе өткізу орны, студенттердің жаратылыстану-ғылыми пәндерден теориялық білімін бекіту орны және сонымен қатар, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің археологиялық экспедициясының қорытындысын өткізу орны болып табылады.

 

Бөлімнің қызметкерлері:

Асаева Бұлбұл Зикеновна, біліктілігі жоғарғы деңгейлі маман, экскурсовод


Байланыс мәліметтері:

Павлодар қ-сы, Ломов к-сі, 64

Бас ғимарат, №106 каб.

Тел: 673684 (1146)