Жүйеге кіру үшін тіркеліңіз

 

Қашықтықта оқыту

 
 

Энергетика факультеті

Факультеттің құрылу тарихы

Энергетика факультеті 1960 жылы құрылған Павлодар индустриялық институтының алғашқы факультеттерінің бірі. Қазіргі уақытта С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетінде энергетика факультеті құрылымында шығарушы төрт кафедра бар: Электр энергетикасы, Жылу энергетикасы, Автоматтандыру және басқару, Радиотехника және телеқатынас.

Энергетика факультетінде 10 ғылым докторы, 26 ғылым кандидаты қызмет атқарады, дәрежелік пайыз 40% асады.

Факультет құрамында 4 кафедра бар:

050718 — Электрэнергетикасы;

050717 — Жылуэнергетикасы;

050702 — Автоматтандыру және басқару;

050719 — Радиотехника, электроника және телеқатынас.

Мамандықтар бойынша магистрлерді даярлау жүргізіледі:

6N0718 — электр энергетикасы;

6N0702 — автоматтандыру және басқару;

6N0717 — жылу энергетикасы.

 

Факультет басшылығы

Энергетика факультетінің деканы — техника ғылымының кандидаты, профессор Кислов Александр Петрович.

1987 жылы Мәскеу энергетика институтында кандидаттық диссертациясын қорғады. 1992 жылы доцент ғылыми лауазымы берілді. Жалпы ғылыми-педагогикалық өтілі 25 жылдан асады А.П. Кислов 1999 жылдан бері энергетика факультетінің деканы. 100-ден астам ғылыми мақалалары шыққан, олардың 18 ҚР патенті.

А.П. Кислов — қоғамдық қызмет салаларына есептеуіш техниканың енгізілуінің халықаралық академиясының корреспондент-мүшесі, РФ электр техникалық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі.

А.П. Кисловқа 2007 жылдың 16 қарашасындағы РФ Электр техникалық ғылым академиясы Президиумының шешімімен электр техникасының құрметті докторы атағы мен ғылым докторы дипломы берілді.

Байланыс жұмыс телефоны: 673674 (321)

Пошталық жұмыс мекенжайы: С.Торайғыров ат. ПМУ, Ломов көшесі, 64 үй, №322 кабинет, Энергетика факультетінің деканаты.

 

Кабдуалиева Майраш Мажитқызы 1973 жылы «Өнеркәсіп кәсіпорындарын сумен жабдықтау және канализация» мамандығы бойынша Ақмола инженер-құрылыс институтын бітірді. Институтты бітіргеннен кейін Астана мен Алматы қалаларындағы комсомол жұмыстарына ерікті қызметте жұмыс істеді.

1978 жылдан бері «Жылу энергетикасы» кафедрасында істейді, Мәскеу энергетика институтында, Павлодар қаласының жылу станцияларында, Алматы энергетика және байланыстар институтында бірнеше рет біліктілігін арттырған.

Ғылыми зерттеу жұмысы бағытының негізгі тақырыбы «ЖЭС қалдықтарынан су және әуе бассейндерін қорғау» және «Пайдалану процесінде энергетикалық жабдықтарды сақтау», «Павлодар облысының өнеркәсіп кәсіпорындарын жылыту мен ауаны жаңарту жүйесі», «Павлодар облысының өнеркәсіп кәсіпорындарының жылу жүйесі». Осы бағыт бойынша кафедраның шаруашылық келісім шарттық тақырыбы жүргізілді, бұл жұмыстардың нәтижесі жабдықтау мен торапты жетілдіру болып табылады. Ғылыми-практикалық конференциялар мен ғылыми журналдарда бірнеше мақалалары жарияланған.

Университет пен кафедраның ғылыми жұмыстарына белсенді қатысады. Философия, қазақ тілі мен шет тілінен кандидаттық емтихандар тапсырды. Ғылыми жұмыспен айналысады. «Турбомашиналардың теориясы мен құрылымы», «Техникалық термодинамика», «ЖЭС қалдықтарынан табиғатты қорғау технологиясы және қоршаған ортаны сақтау», «Ауаны жаңарту және ауаны белгілі бір нормаға, стандартқа сәйкестендіру» пәндері бойынша әдістемелік көмекші құралдарды және зертханалық жұмыстар мен дәріс курстарын үнемі қазақ тіліне аударумен айналысады.

1999 жылдан бері энергетика факультетінің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі деканның орынбасары болып қосымша қызмет атқарады.

2006 жылдың қарашасында «Қазақстан Республикасының Білім берудегі құрметті қызметкері» омырау белгісімен марапатталған, министрлік пен университет атынан алған алғыс хаттары жетерлік.

Факультеттің спорттық сайыстарына белсенді қатысады, волейбол ойнап, тау туризмімен шұғылданады.

Пошталық жұмыс мекенжайы: С.Торайғыров ат. ПМУ, Ломов көшесі, 64 үй, №322 кабинет, Энергетика факультетінің деканаты.

Электронды мекенжайы: Осы e-mail мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарастыру үшін Сізде Javascript қосылу керек.

 

Бергузинов Асхат Нұрланұлы 2006 жылы С.Торайғыров ат. ПМУ-дің «Өндірістік жылу энергетикасы» мамандығын үздік бітірді, 2008 жылы С.Торайғыров ат. ПМУ магистратурасын «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша үздік бітіріп, жылу энергетиканың магистрі академиялық дәрежесін алды. Ғылыми зерттеу жұмысы бағытының негізгі тақырыбы төмен шамадағы дереккөздердің жылуын пайдалану саласы мен жылумен жабдықтау және энергияны сақтаудың автономиялы жүйесі саласында болып табылады.

Ғылыми-практикалық конференциялар мен ғылыми журналдарда бірнеше мақалалары жарияланған. Университет пен облыс деңгейіндегі қоғамдық-мәдени іс-шараларға белсенді қатысады. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. 2006 жылдан бері «Жылу энергетикасы» кафедрасында оқытушы болып істейді, «Техникалық термодинамика», «Жылу массалық алмасу», «Жанудың теориясы мен отын» және т.б. пәндерден сабақ береді.

Бергузинов А. Н. Энергетика факультетінің жалпы мәселелер жөніндегі деканның орынбасары болып қосымша қызмет атқарады.

Байланыс жұмыс телефоны: 673674 (323)

Пошталық жұмыс мекенжайы: С.Торайғыров ат. ПМУ, Ломов көшесі, 64 үй, №322 кабинет, Энергетика факультетінің деканаты.

Электронды мекенжайы: Askhat @ mail.ru

 

Энергетика факультеті жобаларды, монтаждауды, әртүрлі электр техникалық жабдықтауларды пайдалау мен жөндеуді, басқарудың микробақылау жүйесі мен технологиялық процестерді реттей алатын, тапсырмаларды шығармашылықпен шеше алатын қабілетті бакалаврларды дайындауды қамтамасыз етеді.

Электрэнергетика кафедрасы 05.07.18 мамандығы бойынша бакалаврларды бес түрлі мамандандырумен дайындайды: электр станциялары, электрэнергетикалық жүйелер мен тораптар, электрмен жабдықтау (сала бойынша), электр жетегі және технологиялық кешендерді автоматтандыру, реле қондырғыштық қорғау және энергия жүйесін қоғамдық қызмет салаларына автоматтандыруды енгізу.

• Жылу энергетикасы кафедрасы 05.07.17 жылу энергетикасы мамандығы бойынша бакалаврларды үш түрлі мамандандырумен дайындайды: жылу электр станциялары, су мен отын технологиясы, өндірістік жылу энергетикасы.

• Автоматтандыру және басқару кафедрасы 05.07.02 автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша бакалаврларды дайындайды және үш түрлі мамандандырады: басқару жүйесіндегі автоматтандыру мен қоғамдық қызмет салаларына есептеуіш техниканың енгізілуі, технологиялық процестер мен өндірістерді (сала бойынша) автоматтандыру, электр технологиялық қондырғылар мен жүйелер.

• Радиотехника және теле қатынас кафедрасы 05.07.19 радиотехника, электроника және телеқатынас мамандығы бойынша бакалаврларды екі түрлі мамандандырумен дайындайды: электрлік жүйелер мен құрылғылар, телеқатынас жүйелері.

Энергетика факультетінің ғылыми қызметтегі негізгі бағыты: жоғары білікті мамандар әлеуетін қалыптастыру (докторантурада, аспирантурада, магистратурада оқу, халықаралық бағдарламалар бойынша оқу, біліктілікті арттыру және т.с.с);

Оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу, шаруашылық келісім шарттық және мемлекеттің бюджеттік жұмыстарының жүргізілуі;

• ПОҚ және студенттердің патентті-өнертапқыштық қызметі, әртүрлі деңгейде өтетін конференциялардағы ПОҚ және студенттердің ғылыми зерттеулерінің апробациясы;

• ҚР Ғылым академиясымен, Д.А. Қонаев атындағы Кен институтымен әрекеттестік жасалады;

• Мәскеу энергетика институтымен, (Техникалық институт), Новосібір мемлекеттік техникалық университетімен, Новосібір көлік академиясымен әрекеттестік жасалады.

Энергетика факультетінде бакалаврларды сапалы дайындауды және біліктілікті жоғары білікті профессор-оқытушылық құрамы: академиктер, техника ғылымының докторлары мен кандидаттары жүзеге асыруда, сондай-ақ факультетте сабақ жүргізу үшін ҚР мен таяу шет елдерінің ғалымдары да жұмылдырылуда.

Факультет қызметкерлері студенттермен бірге ҒЗЖ мемлекеттің бюджеттік және шаруашылық келісімі шарты негізінде ғылыми зерттеулер жүргізіп, ҚР өнеркәсіптерімен байланыс жасайды.

 

 
 

Құттықтаулар

 

Портал бойынша іздеу

 

Жаңалықтар, хабарландырулар

 

Іс-шаралар күнтізбесі

  2010
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
 






TITGroup