"Көліктік техника және логистика" кафедрасы
Кафедраның құрылу тарихы
2009 ж. «Көліктік техника» және «Қозғалтқыштар мен жол қозғалысын ұйымдастыру» кафедралардың бірігуі арқылы кафедра «Көліктік техника және логистика» құрылды. Кафедра 45 жыл бойы көліктік машина жасау және трактор жасау саласында дайындаумен айналысуда. Қазіргі уақытта кафедра 050713 «Көлік, көліктік техника мен технологиялар» және 050901 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдау ұйымдастыру» мамандықтары бойынша бакалаврларды және магистрлерді дайындайды. Бұл уақыт ішінде кафедрамен шамамен 4000 инженер-механик дайындалды, олар жер жүзінің көптеген жерінде жұмыс істеуде. Шамамен 50 түлектер кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды. Кафедра өздерінің түлектері 1960 жылдан бастап машина құрушылар, Трактор зауытының қаңқасын салғандар болғаның құрметпен еске алады, олардың көмегімен алюминий және ферроқорыту зауыттары салынды. Олардың арқасына біздің аймақта машина құру саласына жауап берді.
Кафедра көптеген жылдар бойы Харьков техникалық универститетімен байланыс орнатып келді, Мәскеу автожолдық университеті, Бауман атындағы МГТУУ; Алтай политехникалық университеті, Мәскеу автомеханикалық институтымен байланыс орнатылған. Достастық ғылыми және әдістемелік консультациялар арқылы жасалды, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары өткізілді, конференцияға қатысты. Кафедра қызметкерлері осы оқу орынның аспирантура түлектері. Қазақстандағы жоғары оқу орындарының - М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының, Д. Серикбаева атындағы ШҚМТУ-нің, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің, ҚарМТУ-нің туыстас кафедраларымен тығыз байланыс орнатылды.
Маман дайындау бойынша халықаралық достастық шенберінде студенттер шет елге тәжірибиеден және ғылыми іссапарлардан өту үшін жіберілді. Падеборнды университетімен келісіп (Германия) үш студент 2804 мамандығы бойынша маманданудан өтті. Кәрібаев Марат магистратураны бітіргеннен кейін кафедраға ассистент ретінде жұмысқа алынды, Сапарғалиев Мүтәләп Германияға тәжірибиеден өту үшін іссапарға жіберілді.
Кафедра Павлодар аумағының барлық өнеркәсіптік кәсіпорындарымен - біздің мамандарымыздың бас тапсырушыларымен тығыз байланысады.
Кафедра басшылығы
Қазіргі уақытта кафедраны т.ғ.к. профессор Ордабаев Ерсен Қапсамадұлы басқарады.
Ғылыми атағы - ЖАК доценті, СҚУ профессоры, ИНЕУ профессоры;
1971 ж. - «Ішкі жану қозғалтқыштары» мамандығы бойынша Павлодар индустриалдық институты;
1971-72 жж. - Кеңес Әскерінде қызмет ету;
1973-75 жж. - автокөлік ҚазҒЗИ, инженер, кіші ғылыми қызметкер;
1975-78 жж. - Мәскеу жол-автокөлік институтының аспирантурасы;
1979-80 жж. - автокөлік ҚазҒЗИ, зертхана меңгерушісі;
1980-89 жж. - Қарағанды политехникалық институты, аға оқутышы, доцент;
1989-95 жж. - ҚарПТИ Петропавл филиалы, доцент, профессор;
1996-98 жж. - С. Торайғыров атындағы ПМУ, доцент;
1998 жылдан бастап - ИнЕУ, профессор, «Автокөлік және машина жасау» кафедрасының меңгерушісі.
Кафедраның орналасқан мекен-жайы
Павлодар қ, Ак.Шөкин көш 139, С.Торайғыров атындағы университетінің «Б» корпусында, кабинет 222, тел.: 673623 (216).
Мамандықтар және мамандандырулар туралы
Профессор-оқытушылар құрамы
Оқу-зертханалық базасы
Үздік түлектер